Ақтөбеде халықтан 71 миллион теңге жинап алған қаржы пирамидасы әшкере болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде халықтан 71 миллион теңге жинап алған қаржы пирамидасы әшкере болды

Ақтөбеде халықтан 71 миллион теңге жинап алған қаржы пирамидасы әшкере болды

Ақтөбеде халықтан 71 миллион теңге жинап алған қаржы пирамидасы әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО бойынша МК

  • 22 Мамыр 2017
  • 404
Фото - Caravan.kz

Ақтөбеде халықтан 71 миллион теңге жинап алған қаржы пирамидасы әшкере болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметіне сілтеме жасап.

Бапсасөз қызметінің мәліметінше, екі әйел million888соm сайтын жасап, 2014 жылы қаржы пирамидасын ашқан.

"Шығыс Қазақстан облысының аумағында "Tulpar888", "Million888" жобаларына азаматтарды тарту — қаржы пирамидасының жарқын көрінісі. ШҚО бойынша МКД экономикалық тергеу қызметі 2014 жылы өзінің жақын құрбысымен Ақтөбе қаласында "million888соm" веб-сайтын жасап, салымшылардың ірі көлемдегі ақша қаражаттарын тарту арқылы қаржы пирамидасын құрған азаматша Ш.-ға қатысты қылмыстық істі аяқтап сотқа жолдады. Жобының шарты бойынша — жеке тұлға жобаға серіктес ретінде қатысу үшін өтінішті толтырып, сосын азаматша Ш.-ның банктегі  картасына бағдарламаға қатысуға қажетті ақша қаражатын аударып және өзін шақырған адамның соңынан сайтта тіркеледі", — дейді баспасөз қызметіндегілер. 

Бұдан кейін, айтуларынша, бағдарламаға қатысушы екі адамды шақырады, олар да тиісінше екі адамды шақырады. Осылайша өзінен кейін 6 адам шақырылғаннан кейін, 180 000 теңге көлемінде сыйақы алады, оның 125 мың теңгесін азаматша Ш-ның есепшотынан өз карточкасына  алып отырады, ал қалған 55 мың теңгесі инвестиция ретінде бағдарламаға қайта қатысу құқығымен жүйеде қалып отырған. 

2015 жылы азаматша Ш. құрбысының Ақтөбе қаласында қайтыс болғанын қарамастан, "tulpar.million888.com" web-сайтын автожобаны енгізу мақсатымен салымшыларды тартады, оларға "Тойота-Королла" маркалы автокөлігін сыйақыға беруге уәде береді.

Тергеу барысында азаматша Ш.-ның карталық есеп шотына 2014 жылдың шілде айынан 2016 жылғы тамыз айына дейін 71 миллион теңгеден артық ақша қаражаты түскені анықталды.

Өзінің қылмыстық әрекеттерін жалғастыра отырып, азаматша Ш. 2015 жылдың жазында салымшыларды көптеп тарту мақсатында өзінің "tulpar.million888соm" жаңа жобасын Семей қаласының тұрғындарына таныстырады.

2015 жылдың шілде 2016 жылдың қаңтар аралығында қаржылық пирамидаға Семей қаласының 31 тұрғынының  7 миллион теңгеден артық  ақша қаражатын тартқан. Азаматша Ш. тергеу барысында жәбірленушілердің басым көпшілігінің ақша қаражатын сот үкімі шыққанға дейін қайтарып берген.

Семей қаласы № 2 сотының үкімімен азаматша Ш. заңды және жеке тұлғалардың ақша қаражатын тартумен табыс алу бойынша қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейінгі мерзімге айыра отырып,мал мүлкін тәркілеумен 5 жылға бас бостандығынан  айрылды. "ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" ҚР заңының талаптарына сәйкес негізгі жаза жарты мерзіміне қысқартылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

"Соңғы уақытта Қазақстанның жеке инвестициялар нарығында қаржылық пирамида белгісі бар ұйымдардың қызметі белсенді әрекет етуде. Қаржы пирамидасы — бұл тұрғындардың қаражаттарын қандай да бір инвестициялық жобаларға тарту, бірақ шын мәнісінде ешқандай инвестициялық қызмет жүзеге асырылмайды және жобаның алдыңғы қатысушыларына ақы төлеу, тек жаңақатысушылардың қаржысын тарту есебінен ғана жүргізіледі. Қаржы пирамидаларының қауіптілігі неде? Ерте ме кеш пе қаржы пирамидалары банкроттықа ұшырайды. Бұл жаңа клиенттердің ақшаларының бұрынғыларға пайыз төлеуге жетпеген уақытта болады", — деп ескертеді ведомство өкілдері. 

Сондай-ақ, айтуларынша, мұндай компаниялардың құруы аяқ астынан, сіз оның қай уақытта болатынын білмейсіз және өз ақшаңызды қайтарып ала алмайсыз. Қаржы пирамидасы сіз ақшаңызды әкелген күннің ертесінде-ақ құруы мүмкін. Кейде жылдап қызмет етеді, бұл уақытта сіздің пайда көруіңіз де мүмкін, бірақ бұл тек сіздің соңыңыздан келген адамдардың есебінен ғана болады, айналып келгенде түбі банкроттыққа әкеп соғады екен.


Сонымен, егер сізге ақшаңызды төменде көрсетілген белгілердің тым құрығанда бірі бар компанияға салуды ұсынар болса, абай болыңыз, бұның қаржы пирамидасы болуы әбден мүмкін. 

— Сату көлемімен байланыссыз төлемдер;

— Үлкен пайыздар мен тез баюға уәде беретін жарнаманың болуы;

— Сауатты сатушылар, уәдені үйіп төгетін презентациялар, әдемі сайттар, жарнамалық таратылымдар, бұлардың барлығы қатысушыларға қанша табыс табатындарын, олардың қандай жолы болғандықтары туралы айтып береді;

Адамдардың басым көпшілігіне таныс емес арнайы спецификалық терминдерді пайдалану — форекс, стокс, фьючерс, трейдинг және тағы басқалар;

— қатысу үшін ақы  төлеу, бірақ ол көп адамдар үшін қол жетімді сома болып табылады, мысалы үшін 10-20 мың теңге.

— Ұйымдастырушылар, құрылтайшылар туралы мәліметтерді жасыру. Егер басшылық туралы мәліметтер құпия болса, ал компанияның өзі қандай да бір аралда немесе офшорлық  аумақта тіркелген болса, онда қаражатты салмас бұрын әбден ойланып алған жөн. Офшорлық аумақта компанияны тіркеу жеңілдетілген тәртіптеөтеді, ал осы құрылымның соңында кімнің тұрғанын анықтау оңай шаруа емес. Сондықтан да компанияның құрылтай құжаттарын талап еткендеріңіз жөн.

— өзіңнен басқа қосымша екі адамды тартқаны үшін сыйақы төлеу қаржылық пирамиданың нақты белгісі болып табылады.

Сонымен бірге, облыс тұрғындарын қаржы пирамидаларын құрып ұйымдастырғаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217 бабы бойынша жауапкершілік көзделгенін, ол үшін мүлкін тәркілеумен 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалатыны ескертіліп отыр.

"Қаржылық пирамиданың барлық белгілі болған фактілері туралы ШҚО бойынша МКД экономикалық тергеу қызметіне 24-06-05 сенім телефоны немесе Өскемен қаласы Буров көшесі 10/1 мекен жайына хабарласуларыңызды сұраймыз", — дейді МКД өкідері.