Жарияланды: 280

Ақтөбеде көлік ұрылары ұсталды

Ақтөбеде полиция қызметкерлері көліктердің ішінен ұрлық жасауда және көліктерді айдап әкетуде күдікті деп танылған төрт ақтөбелік азаматтан құрылған топты ұстады,

деп хабарлады қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен. 9 қаңтарда түнгі сағат 2-де полицияға 40 жастағы ақтөбелік әйел хабарласып, белгісіз адамдардың оның көлігінің шынысын сындыру жолымен оның ішіндегі бейнетіркеушіні ұрлап, одан кейін «Опель-Вектра» шетелдік көлігіне мініп кеткендерін хабарлады. Бейнебақылау таспасының көмегімен аталған көлік 312-ші атқыштар дивизиясы даңғылында жол полициясының қызметкерлерімен тоқтатылды. Көлік ішінде Ақтөбе облысының 23-24 жас аралығындағы төрт тұрғыны болған, олардан ұрланған зат алынды. Одан кейін өткізілген тексеруден кейін бұл топтың 6 қаңтар күні Ә.Молдағұлова даңғылы бойында орналасқан үйдің ауласынан «ВАЗ-2109» көлігінің айдап әкетілуіне қатысы бар екені анықталды. Бұдан басқа, күдіктілердің бірі 9 қаңтар күні жасалған басқа үш көлікті айдап әкету фактілеріне қатысы бар екені анықталды. Барлық фактілер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, ҚР ҚК-нің 175 бабы («Ұрлық») бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін