Ақтөбеде көлік ұрылары ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 511.37
  • 583.73
+17 °C
Алматы
2025 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде көлік ұрылары ұсталды

Ақтөбеде көлік ұрылары ұсталды

Ақтөбеде полиция қызметкерлері көліктердің ішінен ұрлық жасауда және көліктерді айдап әкетуде күдікті деп танылған төрт ақтөбелік азаматтан құрылған топты ұстады,

  • 11 Қаңтар 2013
  • 269
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

9 қаңтарда түнгі сағат 2-де полицияға 40 жастағы ақтөбелік әйел хабарласып, белгісіз адамдардың оның көлігінің шынысын сындыру жолымен оның ішіндегі бейнетіркеушіні ұрлап, одан кейін «Опель-Вектра» шетелдік көлігіне мініп кеткендерін хабарлады.

Бейнебақылау таспасының көмегімен аталған көлік 312-ші атқыштар дивизиясы даңғылында жол полициясының қызметкерлерімен тоқтатылды.

Көлік ішінде Ақтөбе облысының 23-24 жас аралығындағы төрт тұрғыны болған, олардан ұрланған зат алынды.

Одан кейін өткізілген тексеруден кейін бұл топтың 6 қаңтар күні Ә.Молдағұлова даңғылы бойында орналасқан үйдің ауласынан «ВАЗ-2109» көлігінің айдап әкетілуіне қатысы бар екені анықталды.

Бұдан басқа, күдіктілердің бірі 9 қаңтар күні жасалған басқа үш көлікті айдап әкету фактілеріне қатысы бар екені анықталды.

Барлық фактілер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, ҚР ҚК-нің 175 бабы («Ұрлық») бойынша қылмыстық істер қозғалды.