Ақтөбеде көп адамның тынысын тарылтқан газ "жаужұмыр" немесе "хлорпикрин" болуы мүмкін - санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау қызметі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде көп адамның тынысын тарылтқан газ "жаужұмыр"  немесе "хлорпикрин" болуы мүмкін - санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау қызметі

Ақтөбеде көп адамның тынысын тарылтқан газ "жаужұмыр" немесе "хлорпикрин" болуы мүмкін - санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау қызметі

Ақтөбеде авиаторлар қалашығындағы №24 үйдің тұрғындарын жаппай көшіруге мәжбүр еткен табиғаты беймәлім химиялық зат - "жаужұмыр" немесе "хлорпикрин" болуы мүмкін. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау қызметінің мамандарына сілтеме жасап хабарлайды.

  • 27 Қыркүйек 2005
  • 747
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, авиаторлар қалашығындағы №24 үйдің тұрғындары уланғаны туралы ақпарат облыстық төтенше жағдайлар департаментіне жексенбі күні 21 сағат 30 минутта келіп түскен. Зардап шеккендердің барлығы да тыныс ала алмай, көздерінен жас аққанын және құсқысы келгенін айтқан. Соның салдарынан үйдің бір подьезінде тұратын 120 адам басқа жаққа көшірілді.
Қалалық мемлекеттік санитарлық-эпидемилогиялық қызмет мамандары бастапқыда зерттеу нәтижесінде ауа құрамынан иприт газы анықталды деп хабарлаған еді. Артынан осы мамандар жүргізген зерттеу қорытындысы ауа құрамында аса улы заттардың жоқ екенін көрсеткен.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта