Қалалық әкімшілікте өткен осынау салтанатты рәсімге көбінесе ауылдық аналар келіпті. 10-нан артық баласы бар 8 ана «Алтын алқа» тағынса, 8-9 баласы бар 13 әйел «Күміс алқаға» ие болды.
Қала әкімінің орынбасары Рашид Юсуповтың айтуынша, соңғы екі жылда Ақтөбеде 200-ден астам ана осындай марапатқа ие болған .
Заң бойынша көп балалы аналарға зейнетақыға үстеме 1500 теңгемен қоса қоғамдық көліктерде тегін жүру және коммуналдық төлемдерді жеңілдікпен төлеу мүмкіндігі беріледі.