Ақтөбеде коронавирустан жүкті әйел қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде коронавирустан жүкті әйел қайтыс болды

Ақтөбеде коронавирустан жүкті әйел қайтыс болды

Марқұм коронавирус жұқтыруы салдарынан екі жақты пневмониясы асқынып, тынысы тарылып, қайтыс болған.

  • 29 Маусым 2020
  • 21
Фото - Caravan.kz

Сурет : Depositphotos29 Маусым 2020, 14:33

Ақтөбеде коронавирустан жүкті әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Caravan.kz порталы zakon.kz.-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы облыстың денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

28 маусымда Ақтөбе қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында жүкті әйел қайтыс болды.

Осы фактіге қатысты түсінік берген облыстық денсаулық сақтау қызметі марқұм жүкті әйелде коронавирус жұқтыруы салдарынан екі жақты пневмония асқынып, тынысы тарылып, қайтыс болғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта облыстағы үш уақытша ауруханада пневмониямен 997 науқас жатыр, оның 803-і амбулаториялық емдеуде болса, 27-сі жан сақтау бөлімінде жатыр, онда да оның 10-ы механикалық тыныс алу апаратына қосылған.


Бір айда 47 науқас пневмониядан қайтыс болды, олардың көбісі, негізінен 60 жастан асқан адамдар.

Соңғы жаңалықтар