Ақтөбеде күзет кәсіпорнының қызметкері өз қаруымен басшысын жарақаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде күзет кәсіпорнының қызметкері өз қаруымен басшысын жарақаттады

Ақтөбеде күзет кәсіпорнының қызметкері өз қаруымен басшысын жарақаттады

Ақтөбеде "Қазаэронавигация" РМК-ның әуе қозғалысына қызмет көрсету жөніндегі Батыс Қазақстан аймақтық орталығының "Бүркіт" күзет кәсіпорнының қызметкері орталық директорының орынбасарын қызмет бабындағы карабин мылтығымен жарақаттады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Ақтөбе облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 11 Тамыз 2004
  • 487
Фото - Caravan.kz

ІІБ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға 9-тамызда болған. Тергеу материалдарына жүгінсек, «Қазаэронавигация» кәсіпорнының 36 жастағы күзетшісі «сәл қызу күйде» жұмысқа шыққан. Соған байланысты «Қазаэронавигация» РМК-ның аймақтық орталығы директорының орынбасары «оған ауыр сөздермен қатаң сөгіс жариялаған».

Бұдан кейін жұмыс орнына жақын жердегі дүкеннен екі бөтелке ішімдік алып ішіп, жұмысына қайта оралған күзетші басшысын қызмет бабындағы Сайга карабинінен атып тастаған. Соның салдарынан директордың орынбасары иығы мен ішінен жарақаттанып, облыстық клиникалық ауруханаға жатқызылды.
Қылмыскерді ұстау үшін полиция облыс орталығынан шыға берісте жаппай торуыл қойды. Алайда, күзетші ештеңе болмағандай бейқам күйде үйіне барған. Тәртіп сақшылары оны сол жерден күтіп алды.
Қазір күдікті уақытша тергеу абақтысында отыр. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің «Қылмысқа дайындалу және қылмысқа әрекеттену» жөніндегі 24, «кісі өлтіру» жөніндегі 96-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ал дәрігерлер болса, жаралы адамның жағдайын тұрақты деп бағалауда, оның өміріне ешбір қауіп төніп тұрған жоқ.

Перейти к новостям спорта