Бұл іске қатысты ақпаратқа тәртіп сақшылары тергеу мүддесіне сәйкес түсініктеме беруден бас тартуда.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 19-қазанда Ақтөбенің іргесіндегі Қарғалы ауылында 7 сынып оқушысы — 13 жасар бозбала білім ошағының 3 -қабатының терезесінен секіріп кеткен. Оқиғаға оның құрбы-құрдастары куәгер болған. Басынан ауыр жарақаттанып, бірнеше жері сынған бала облыстық жедел жәрдем ауруханасының реанимациялық бөліміне жатқызылған. Облыстық ішкі істер департаментінің ақпаратына сәйкес, бала әлі ес-түссіз күйде .