Ақтөбеде мектепке дейінгі тәрбиелеу мекемелерінің ғимаратын қайта қайтару жоспарлануда - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде мектепке дейінгі тәрбиелеу мекемелерінің ғимаратын қайта қайтару жоспарлануда

Ақтөбеде мектепке дейінгі тәрбиелеу мекемелерінің ғимаратын қайта қайтару жоспарлануда

Ақтөбе қалалық өкіметі бұрынғы балабақша ғимараттарын мектепке дейінгі тәрбиелеу мекемелерінің иелігіне қайтадан қайтаруды жоспарлауда. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 15 Наурыз 2005
  • 747
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазір бұрынғы балабақша мекемелерінің бір үлгілі 9 ғимаратын мемлекеттік мекемелер иемденіп отыр. Әкімшіліктегілердің бағалауынша, бұл ұйымдарды басқа мекен-жайға көшіру нәтижесінде 810 бала үшін балабақша тапшылығы тауқыметін шешуге болады.

Сонымен қатар бүгінде Ақтөбеде үш балабақша ғимараты тұрғын үйге айналдырылып жабдықталған. Қазір қала билеушілері осындай үйлерде тұратын тұрғындарды көшіруге қажетті қаржы көлемін есептеп жатыр. Ең тиімді жолы — осындай ғимараттарда тұратындар үшін баспана сатып алу деп санайды әкімшіліктегілер.
Ақтөбе облыстық білім беру департаментінің ақпаратына сәйкес, қазіргі жағдаймен мектепке дейінгі тәлім-тәрбие жүйесіне бүлдіршіндердің 21,9 проценті ғана қамтылған. Облыс бойынша 1672 бала балабақшадағы орын кезегінде тұр. Сонымен бірге қазіргі бар мектепке дейінгі мекемелерде қаржыландыру тапшылығына байланысты соңғы бірнеше жыл бойы материалдық-техникалық база жаңартылған жоқ. Тағы да осындай себеппен облыс орталығы мен аудандарда мектепке дейінгі мекемелер желісі дамымай отыр. Мектепке дейінгі дайындық топтарында балалар санының көптігі балаларды мектепке дайындау сапасына кері әсер етуде, дейді департаменттегілер.

Перейти к новостям спорта