Ақтөбеде мемлекеттер органдар мен бизнестің отырысы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде мемлекеттер органдар мен бизнестің отырысы өтті

Ақтөбеде мемлекеттер органдар мен бизнестің отырысы өтті

Ақтөбе көлік прокуратурасында мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлердің арасында туындап жататын түйінді мәселелерді талқылауға арналған «дөңгелек үстел» отырысы өтті.

  • 1 Маусым 2011
  • 427
Фото - Caravan.kz

Прокурорлар кәсіпкерлерге мемлекеттік органдардың тарапынан орын алатын заңсыз әрекеттерге қатысты арнайы әзірленген анонимдік сауалнамаларды, мемлекеттік органдардың тексерулер жүргізу кезіндегі өкілеттіктерінің аясы көрсетілген жадынамаларды, сондай-ақ кәсіпкерлік саласындағы жаңа заңнамалық актілерді ұсынды.

Бизнесмендер кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылу факті туралы дабылдарға жедел үн қататын көлік прокуратурасының мобильді тобының жұмысы туралы да хабардар болды.

Қатысушылар «дөңгелек үстел» отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің «Атамекен» жалпыұлттық қоғамының филиалымен өзара іс-қимылдарды әрі қарай нығайтуға бағытталған бірлескен шешім қабылдады.

Отырысқа Бас көлік прокурорының орынбасары Алпысбай Тұрсынбеков, Ақтөбе көлік прокуратурасының, Құқықтық статистика және арнайы тіркеулер комитетінің аймақтық басқармасының қызметкерлері, «Атамекен» жалпыұлттық одағы мен «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе филиалының өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар