Ақтөбеде «Мен - тәуелсіздіктің құрдасымын» қалалық байқауы болып өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде «Мен - тәуелсіздіктің құрдасымын» қалалық байқауы болып өтті

Ақтөбеде «Мен - тәуелсіздіктің құрдасымын» қалалық байқауы болып өтті

қтөбеде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған іс-шаралар өтіп жатыр.

  • 14 Сәуiр 2011
  • 666
Фото - Caravan.kz

Мәселен, облыстық достық үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Мен — тәуелсіздіктің құрдасымын» қалалық байқауы болып өтті. Оны «Ақтөбе қаласының мәдениет пен тілдерді дамыту бөлімі» ММ мен қалалық мәдениет үйі ұйымдастырып отыр.

«Мен — тәуелсіздіктің құрдасымын» байқауына 200-ден астам жас ақтөбелік ниет білдіріпті. Олардың тек 14 қатысушысы ғана көрермендер мен жанкүйерлерге түрлі салалардағы өнерлерін көрсетіп, нағыз мейрам ұйымдастырып, финалға жолдама алды.

Байқау нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталып, олар қала әкімі атынан дипломдар мен 10 000 теңгеден 20 000 теңгеге дейінгі ақшалай сыйақыға ие болды. Байқауға қатысқан өзге балаларға шараға белсенді араласқаны үшін әкімнің дипломы мен 5 000 теңге көлемінде сыйақы берілді.

Қаланың әділет басқармасы АХАЖ бөлімінің хабарлауынша, 1991 жылы Ақтөбеде 4 923 сәби дүние есігін ашты.

Перейти к новостям спорта