Басқарма ақпартына сәйкес, қайтыс болған жігіт пен күдікті әскер қатарына өткен жылғы күзде шақырылған. Біріншісі облыс орталығының, екіншісі Шалқар ауданының тұрғыны.
Қазір сот-медициналық сараптама жүргізілуде. Мамандардың алдын-ала қорытындысы бойынша әскер кеудесінен тиген соққы мен жүрек ақауынан көз жұмған. Күдікті қазір уақытша тергеу абақтысында отыр. Тергеу амалдары жалғасуда.