Ақтөбеде мерзімді борышын өтеуші қатардағы бір жауынгер өзінің әріптесін өлтірген күдікті ретінде танылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде мерзімді борышын өтеуші қатардағы бір жауынгер өзінің әріптесін өлтірген күдікті ретінде танылуда

Ақтөбеде мерзімді борышын өтеуші қатардағы бір жауынгер өзінің әріптесін өлтірген күдікті ретінде танылуда

Ақтөбедегі 51051К санды әскери бөлімшеде мерзімді борышын өтеп жүрген бір әскер кісі қолынан қайтыс болған. Бөлімшенің әскери-тергеу басқармасынан KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, "өзара жеккөрушілікке байланысты" әскерді өз әріптесі соққыға жығып өлтіргенін тергеу барысы айқындап берген.

  • 9 Сәуiр 2004
  • 473
Фото - Caravan.kz

Басқарма ақпартына сәйкес, қайтыс болған жігіт пен күдікті әскер қатарына өткен жылғы күзде шақырылған. Біріншісі облыс орталығының, екіншісі Шалқар ауданының тұрғыны.

Қазір сот-медициналық сараптама жүргізілуде. Мамандардың алдын-ала қорытындысы бойынша әскер кеудесінен тиген соққы мен жүрек ақауынан көз жұмған. Күдікті қазір уақытша тергеу абақтысында отыр. Тергеу амалдары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар