Ақтөбеде мобилді асфальтбетон зауыты іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде мобилді асфальтбетон зауыты іске қосылды

Ақтөбеде мобилді асфальтбетон зауыты іске қосылды

Жылына 50 000 тонна жобалық қуаттылықпен жұмыс істейтін «КТП» ЖШС мобилді асфальтбетон зауыты белгіленген мерзімде пайдалануға берілді. Жаңа нысанның жұмысымен Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Марат Тәгімов пен «Ақтөбе қаласы экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» ММ бастығы Халима Ізбастанова таныс болды.

  • 28 Маусым 2011
  • 478
Фото - Caravan.kz

Қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жобаның құны 60 млн. теңге. Жоба мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асты.

«КТП» ЖШС мобилді асфальтбетон зауытында республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды салуға арналған асфальтбетонды қоспалардың әртүрлі маркасын шығару жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар