Ақтөбеде мұнай өнімдерін жасырын өндіретін шағын зауыт табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде мұнай өнімдерін жасырын өндіретін шағын зауыт табылды

Ақтөбеде мұнай өнімдерін жасырын өндіретін шағын зауыт табылды

Ақтөбеде мұнай өнімдерін жасырын өндіретін шағын зауыт табылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі. Мұғалжар ауданында ораласқан зауытты 30-шілдеде Ақтөбе облыстық ІІБ-ның қызметкерлері әшкереледі.

  • 31 Шiлде 2003
  • 590
Фото - Caravan.kz

Облыстық ІІБ баспасөз қызметінің бастығы Әскер Өтениязовтың хабарлауынша, жасырын мұнай өңдеу зауыты Қарашоқы маңындағы Жұрын елді мекенінен табылған. Зауытта тәулігіне 1,5 мың тонна жанар-жағармай өндіріліп келсе керек.

Шикізат Жаңажол және Кеңқияқ кеніштерінен әкелініп отырған. Тексеру кезінде жасырын зауытта жергілікті үш адам жұмыс істеп жүрген, олардың арасында кәмелеттік жасқа жетпеген бір жасөспірім де бар. Оларға 10 мың теңге жалақы төлеу жөнінде уәде беріліпті.
Осы дерекке байланысты тергеу жұмыстары басталды. Сондай-ақ, жасырын жолмен өнім өндіру салдарынан жергілікті бюджетке келген шығын көлемі мен сапасыз мұнай өнімдері сатылған мекемелер айқындалу үстінде.

Соңғы жаңалықтар