Ақтөбеде наиб-имам әйел адамды көлігімен қағып өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде наиб-имам әйел адамды көлігімен қағып өлтірді

Ақтөбеде наиб-имам әйел адамды көлігімен қағып өлтірді

 

  • 14 Қыркүйек 2018
  • 16
Фото - Caravan.kz

7 қыркүйек күні Ақтөбеде наиб-имам әйел адамды жаяу жүргіншілер жолағында қағып кетті деп жазадыAktobetimes.kz.

«7 қыркүйек күні Актобе-Орск автожолындағы жаяу жүргіншілер жолағында 30 жастағы «Лада-Гранта» автокөлігінің жүргізушісі 57-дегі әйелді қағып кетті. Алған жарақатынан әйел ауруханада көз жұмды», – дейді Ақтөбе облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Полицейлер бұдан басқа мәлімет бермей отыр. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ал көршілері оқиғаны былай баяндайды:

«Ол әйелмен Комсомол ауданында бірге тұрғанмын. Кейін Ақтөбеге көшіп кеткен. Жақсы араласып едік. Обал болды. Оны ескі мешіт имамының орынбасары қағып кеткен. Жерлеу рәсіміне кететін шығынды өздері көтеріп жатыр екен», – дейді марқұмның ескі танысы.


«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартты

Соңғы жаңалықтар