Белгілі болғандай, бұған дейін әлеуметтік нанның құны 42 теңге болған, ал 29 қыркүйектен бастап 5 теңгеге қымбаттамақ. Нан бағасының өсуін өндірушілер жанар-жағармай мен коммуналдық қызметтердің қыбаттауымен және егіннің шықпай қалуымен байланыстырып отыр.
«Нанның бағасы 47 теңге болғанның өзінде үстінен түсетін пайда жоқ», — дейді О. Мусин.
Қаланың кәсіпкерлік бөлімінің мәліметіне қарағанда, «Рамазан» ЖШС бүгінде 1-ші сұрыпты нанның 70 пайызын өндіріп отыр, қалған 30 пайызын «Атамекен» ЖШС шығарады.