Әлеуметтік нан бұрын елу теңге тұрса, қазір 55 теңгеден сатылуда. Ал қара нан мен тоқаштардың құны дүкендерде жетпіс теңгеден асып кеткен. Сондықтан жергілікті билік ешқандай тоқтам жасай алмай отыр. Тұрғындардың да бұған көнбеске амалы жоқ. Өйткені өндірушілердің өз уәжі бар. Олар бағаны сегіз жылдан бері бірқалыпты ұстап тұрдық деп ақталуда. Жанармай мен комуналдық қызмет құны шарықтағалы бері шығынымыз да артты дейді.
Байбосын Ишпанов, ЖШС директорының орынбасары:
— Біздер 2008 жылдан бастап нанды көтерген жоқпыз. Осы жылға дейін. Қазір біздің сұрап отырғанымыз небәрі бес теңгеге көтеру. Сонда зауыттан біз 48 теңгеден жібереміз