Ақтөбеде науқас өліміне дәрігерлер кінәлануда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде науқас өліміне дәрігерлер кінәлануда

Ақтөбеде науқас өліміне дәрігерлер кінәлануда

Тағы бір науқас өліміне дәрігерлер кінәлі! Ақтөбедегі теміржол ауруханасында көз жұмған мүгедектің туыстары осылай деп отыр. Айтуларынша, төсек тартып жатқан Константин Янкинді ішкі тәртіпті бұзды деген желеумен дәрігерлер ем-дом жасамай, қуып жіберген. Сөйтіп, аурухана мен үй арасында әрлі-берлі тасып жүргенде науқас көз жұмыпты.

  • 20 Қараша 2012
  • 327
Фото - Caravan.kz

43 жастағы Константин Янкиннің бауыры ісіп, жедел жәрдеммен теміржол ауруханасына жеткізілген еді. Ондағылар небары екі күн өтпей науқастан бас тартқан. Бел омыртқасы сынып, төсек тартып қалған адам бөлім ішінде жүгіріп, шу шығарды деген желеумен. 

Ирина Нестеренко, жесірі:

Оның аяқ-қолынан жан кетіп қозғала алмайтын. Ессіз жатқан адам қалайша бөлімше ішінде жүгіре алады? Тіпті мен екі сағат бойына емдеңдерші деп жалындым. Ешкім көңіл бөлген жоқ.

Туыстары теміржол ауруханасының басшыларынан қандай да бір түсініктеме алмақ болған. Бірақ есік аузындағы хатшыдан әрі өте алмады.

Науқасты емдеуден бас тартқан дәрігер Александр Кононенко екен.Ол Константин Янкин палатада айқайлап, жанындағылардың мазасын алған соң үйіне кері қайтаруға тура келді деп ақталды. 


Александр Кононенко, Теміржол ауруханасының дәрігері:

— Ол айқайлап өзге науқастарға ұйқы бермеді. Дәріден бас тартты. Мұндай жағдайда біз қалай емдейміз? Оның жүйкесі сыр бергенін өзге де мамандар растайды.

Марқұмның денесін жексенбі күні туыстары жер қойнына тапсырды. Дер кезінде ем жасағанда, жанын аман алып қалар ма еді деп налиды олар. Енді істің ақ-қарасын анықтау үшін сотқа арыздануға бекінген.

Соңғы жаңалықтар