Ақтөбеде оқушыны қаққан жүргізушіге іздеу жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде  оқушыны қаққан жүргізушіге іздеу жарияланды

Ақтөбеде оқушыны қаққан жүргізушіге іздеу жарияланды

Ақтөбеде қоқыс таситын көлік мектеп оқушысын қағып өлтіре жаздады. Жеткіншек арнайы жолақтан өтіп бара жатқан. Алайда асыққан жүргізуші ағарған белгіге де қарамастан баланы қағып өтті.

  • 24 Қыркүйек 2014
  • 372
Фото - Caravan.kz


Оқыс оқиға бірер сағат бұрын қаланың қақ ортасында болды. 4-ші сынып оқушысы мектептен үйіне қарай бет алған екен. Бала жаяу жүргіншілер жолағынан өте бергенде, қақ шекеден қоқыс тасығыш көлігі қағып өткен. 10 жасар оқушы қатты соққыдан бірден есінен танып қалды. Ал баланы қаққан жүргізуші көлігін тастап қашып кетті. «Таза қала» мекемесіне тиесілі техниканың тізгініндегі азамат қазір іздестірілуде. Жасөспірім ауруханаға жеткізілгенімен, жағдайы әзірге белгісіз.