Оның айтуынша, шараның мақсаты — Ақтөбеге келген репатрианттардың тұрмыс-тіршілік, тауқыметтерімен жан-жақты танысу болып табылады.
Шара күндерінде қаладағы сахналарда театрландырылған қойылымдар көрсетіледі. Облыс орталығындағы көрме залында оралмандар қолымен жасалған бұйымдардың көрмесі ашылады. Қоныс аударыушылардың облыс басшылығымен кездесуін ұйымдастыру көзделіп отыр. Онда оралмандарды жұмысқа орналастыру және азаматтық алу проблемалары талқыланады.
Облыстық көші-қон және демография басқармасының мәліметі бойынша, қазір Ақтөбеге келген оралмандардың 60 проценттен астамында тұрақты жұмысы жоқ. 40 проценті күні бүгінге дейін Қазақстан азаматтығын алмаған.
Жалпы алғанда Ақтөбе облысында 6 мыңнан астам оралмандар тұрады. Олардың басым бөлігі Ресей, Өзбекстан, Түрікменстан, Ауғанстан және Ираннан көшіп келгендер.