Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
Ақтөбе мамандандырылған әкімшілік соты мектеп формасы ережесін сақтамау да қоғамдық тәртіпті бұзумен тең деп бағалады. Ереже бұзған екі ер адам — үш тәулікке, ал біреуі — бес тәулікке қамалады.
"2018 жылы 14 қыркүйекте Ақтөбеде мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі бойынша үш ер адамға қатысты қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін сот ісі қаралды. Сот шешімімен ереже бұзушылар қамауға алу туралы әкімшілік жауапкершілікке тартылды: екі ер адам — үш тәулікке, ал біреуі — бес тәулікке қамалады", — делінген облыстық сот баспасөз қызметіндегілер.