Ақтөбеде орамал таққан үш оқушының ата-анасы қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде орамал таққан үш оқушының ата-анасы қамауға алынды

Ақтөбеде орамал таққан үш оқушының ата-анасы қамауға алынды

Ақтөбе облысында мектепте сабақ кезінде қыздарынан орамалды шешуге қарсы болған үш ер адам әкімшілік қамауға алынды.

  • 19 Қыркүйек 2018
  • 56
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. 

Ақтөбе мамандандырылған әкімшілік соты мектеп формасы ережесін сақтамау да қоғамдық тәртіпті бұзумен тең деп бағалады. Ереже бұзған екі ер адам — үш тәулікке, ал біреуі — бес тәулікке қамалады. 

"2018 жылы 14 қыркүйекте Ақтөбеде мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі бойынша үш ер адамға қатысты қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін сот ісі қаралды. Сот шешімімен ереже бұзушылар қамауға алу туралы әкімшілік жауапкершілікке тартылды: екі ер адам — үш тәулікке, ал біреуі — бес тәулікке қамалады", — делінген облыстық сот баспасөз қызметіндегілер.
 

Соңғы жаңалықтар