Бұл туралы "Диапазон" газеті хабарлады.
Бұрын хабарлағанымыздай, Жаңа орта мектептің 4-ші сынып оқушысы Біржан Ерсайынов 13 сәуірде үйінен ойнауға шығып кеткеннен кейін оралмаған еді. Оны көршілердің балалары соңғы рет Жіңішке өзеніне қарай жүгіріп кетіп бара жатқан жерінен көрген. Жеткіншек содан бері табылмай жатқан болатын.
Құтқарушылардың айтуынша, бала су бетіндегі мұзға секіріпті. Күн жылылау болғандықтан, мұз бөлініп қалып, оны ағысқа қарай әкетіп қалған.