Ақтөбеде өзен жағасында жоғалып кеткен 9 жасар бала өлі күйінде табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде өзен жағасында жоғалып кеткен 9 жасар бала өлі күйінде табылды

Ақтөбеде өзен жағасында жоғалып кеткен 9 жасар бала өлі күйінде табылды

Ақтөбеде өткен аптада жоғалып кеткен 9 жасар Біржан Ерсайыновты көпшілік жабылып іздеген еді. Құтқарушылар мен полицияға баланың туыстары мен еріктілер де қосылды. Ал оқушының денесі жоғалып кеткен жерінен 800 метр қашықтықтан табылған.

  • 19 Сәуiр 2017
  • 829
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "Диапазон" газеті хабарлады.

Бұрын хабарлағанымыздай, Жаңа орта мектептің 4-ші сынып оқушысы Біржан Ерсайынов 13 сәуірде үйінен ойнауға шығып кеткеннен кейін оралмаған еді. Оны көршілердің балалары соңғы рет Жіңішке өзеніне қарай жүгіріп кетіп бара жатқан жерінен көрген. Жеткіншек содан бері табылмай жатқан болатын.  


Құтқарушылардың айтуынша, бала су бетіндегі мұзға секіріпті. Күн жылылау болғандықтан, мұз бөлініп қалып, оны ағысқа қарай әкетіп қалған.  

Соңғы жаңалықтар