Ақтөбеде полицейлер мен жекеменшік күзетшілік құрылымдар ынтымақтастық туралы келісті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде полицейлер мен жекеменшік күзетшілік құрылымдар ынтымақтастық туралы келісті

Ақтөбеде полицейлер мен жекеменшік күзетшілік құрылымдар ынтымақтастық туралы келісті

Ақтөбе облыстық ІІД басшылығының мемлекеттік емес күзетшілік құрылымдар басшыларымен кездесуі болып өтті, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметінен.

  • 29 Қазан 2012
  • 404
Фото - Caravan.kz

Кеңес барысында ІІД басшылығы қоғамдық тәртіпті орнатуға күзетшілік фирмаларының қызметкерлерін тарту ұсынысы шығарылды.

Оған қоса, 2012 жылдың басынан бері мемлекеттік емес күзет құрылымдары қызметкерлерінің қатысуымен 153 қылмыс ашылды, олардың 37-сі — ұрлық фактілері, 23 — тонаушылық, бұзақылықтың 93 фактісі бар, 400-ден астам құқық бұзушылық бұлтартпаланды, қоғамдық жерлерде түрлі құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін 211 адам аумақтық ІІБ-нің кезекшілік бөлімдеріне жеткізілді.

6 мыңнан астам қызметкері бар күзетшілік құрылымдар да қоғамдық тәртіпті орнатуға үлестерін қоса алады. Бірнеше күзетшілік агенттіктің патрульдік көліктері бар.

Кездесу қорытындылары бойынша күзетшілік құрылымдардың басшылары полицейлердің ұсыныстарын қабылдап, қылмыспен күрес мемлекет пен қоғамның барлық қолжетімді ресурстарын жұмылдыруды талап ететіні туралы пікірлерін айтты, ал бұл тығыз серіктестіксіз мүмкін емес.

Соңғы жаңалықтар