Жарияланды: 380

Ақтөбеде қаладағы бір жеке меншік фирманың аумағынан арматура ұрлаған күдікті ұсталды

Ақтөбе. 7 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбеде тәртіп сақшылары 5 қарашада қаладағы бір жеке меншік фирманың аумағынан арматура ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ақтөбе ІІБ криминалдық полициясы қызметкерлерінің хабарламасына сілтеме жасап.

Қазанның ортасында "Минак" ЖШС өкілдері полицияға шағымдана келіп, ұйымның аумағынан металл бұйымдар - бір жарым тонна арматура ұрланғанын хабарлаған. Шығын көлемі 400 мың теңгеден асады. Шұғыл іздестіру шараларының нәтижесінде облыс орталығының 20 жастағы тұрғыны ұсталды. Ұрланған зат алынды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін