Ақтөбеде қалталы азаматтарға шабуыл жасамақ болған жас жігіт ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде қалталы азаматтарға шабуыл жасамақ болған жас жігіт ұсталды

Ақтөбеде қалталы азаматтарға шабуыл жасамақ болған жас жігіт ұсталды

Ақтөбеде қалталы азаматтарға шабуыл жасамақ болған 25 жастағы күдікті ұсталды. Одан қару мен есірткі заттары тәркіленді.

  • 11 Желтоқсан 2017
  • 145
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Ақтөбе облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Ақтөбе қаласының 25 жастағы тұрғынынан 16 калибрлі аңшы мылтығының ұңғысы, оқ-дәрі мен газетке оралған марихуана табылды. Кейін полиция қызметкерлері мекенжайын анықтап, үйінен қару мен діни мазмұндағы кітапша, парақшалар тәркіледі.

«Дінді жамылып, сақал өсіріп, өзіне «Халил» деп лақап ат қойған күдіктінің есірткі тұтынатыны анықталды. Ол Ақтөбенің қалталы азаматтарына шабуыл жасау үшін жоспар құрған. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу», «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» баптары бойынша іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр», — деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.   



 

Соңғы жаңалықтар