Жарияланды: 370

Ақтөбеде қаржы полициясының қызметкері 10 жылға сотталды

Ақтөбеде қаржы полициясының аға тергеушісі 10 жылға сотталды. Александр Госсен жазықсыз адамды қылмыстық жауапқа тартқаны және пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Енді ол жазасын қатаң тәртіптегі түрмеде өтейтін болады.

Ақтөбе облыстық экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің өкілі Ақтөбе мен Хромтау қалаларындағы астыртын жұмыс істеп келген ойынханаларға қатысты істі тергеумен айналысқан. Сөйтіп, казино иесін жасырып,қылмыстыесірткіге тәуелді келіншектің мойнына ілмек болыпты. Александр Госсен бұдан өзге оқиға бойынша, күдіктіден 30 мың доллар пара талап еткен. Олеся Донцова есімді есепші кәсіпорнын ақшасын жымқырды деп айыпталған екен. Қаржы полицейі істі жауып тастау үшін әйелден ақша алып жатқан кезінде ұсталды. Енді аға тергеуші 10 жылға түрмеге қамалып қана қоймай, бар дүние-мүлкі тәркіленетін болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін