Старшина Темірбек Жақсылықбаев 2012 жылдың 21 маусымында Кирпичный кентінің ауданында такси жүргізушісіне шабуыл жасаған қылмыскерлердің ізіне түсу кезінде қаза тапты.
Қаза тапқан полицейдің әкесіне мемлекеттік марапатты табыстай отырып, облыс әкімі оған Темірбектің қызметтік борышын орындау кезіндегі ерлігі мен жанкештілігі үшін алғыс сөздерін айтты.
Отыз жастағы старшинаның Сұлтан есімді бес жасар ұлы қалды. Облыс әкімі сондай-ақ Сұлтанға да ақшалай сыйлық беріп, полицейдің әкесіне Темірбектің отбасына баспана мәселесін шешуге көмек көрсетуді уәде етті.