Ақтөбеде қазақша күрестен дәстүрлі Қазақстан кубогы жарысы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде қазақша күрестен дәстүрлі Қазақстан кубогы жарысы басталды

Ақтөбеде қазақша күрестен дәстүрлі Қазақстан кубогы жарысы басталды

Бүгін Ақтөбеде қазақша күрестен жыл сайынғы дәстүрлі Қазақстан кубогы жарысы басталды. Онда облыстық құрамалар бәсекесімен бірге жекелей балуандар белдесулері өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 10 Қыркүйек 2010
  • 553
Фото - Caravan.kz

Ашылу салтанатында қазақша күрестен мемлекеттік бапкер Марат Жахитов қатысушыларды жарыстың ашылу салтанатымен құттықтап, сәттілік тіледі.

Жарыстың бүгінгі қорытындысы бойынша бірқатар облыстық құрамалар кездесулері аяқталды. Оның қорытындысы бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысы Астана командасын 5:2 есебімен, осы есеппен Қызылорда облысы Маңғыстау құрамасын ұтты. Сондай-ақ, Семей командасы мен Алматы командалары тең түсіп, семейліктер күрес сапасының жоғарылығымен артықшылық алды.

Жалпы, әр команда 7 салмақ дәрежесі бойынша белдесулер өткізуде. Балуандар енді ертеңгі жарыс күнінде жекелей сындарға түседі. Қазақстан кубогы бәсекесі ертең өз мәресіне жетеді деп жоспарланған.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера