Ақтөбеде Қазақстан және Ресейдің Шекаралық өңірлер басшыларының V халықаралық форумына дайындық жұмыстары аяқталып келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде Қазақстан және Ресейдің Шекаралық өңірлер басшыларының V халықаралық форумына дайындық жұмыстары аяқталып келеді

Ақтөбеде Қазақстан және Ресейдің Шекаралық өңірлер басшыларының V халықаралық форумына дайындық жұмыстары аяқталып келеді

Ақтөбе. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбеде 21-22 қыркүйекте өтетін Қазақстан және Ресейдің Шекаралық өңірлер басшыларының V халықаралық форумына дайындық жұмыстары аяқталып келеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 18 Қыркүйек 2008
  • 440
Фото - Caravan.kz

Ақтөбедегі форумда азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік мәселелері талқыланып, облыстық әкімдікте екі елдің ірі кәсіпкерлерінің бизнес-форумы мен қаладағы «Қоныс» спорт сарайында тауар өндірушілердің көрмесі өтеді.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Дмитрий Медведев Хромтау ауданына барады деп күтілуде. Ақтөбеге 700-ден астам өкіл келмекші. Қазақстан , Ресей, Татарстан және Дағыстан президенттері, Мәскеу мэрі Юрий Лужков пен Санкт-Петербург губернаторы Валентина Матвиенко келеді деп күтілуде.

Саммит күндері қоғамдық тәртіпті қадағалауды 3 мыңнан астам құқық қорғау органы қызметкерлері қамтамасыз етеді. Ақтөбедегі қонақүйлер мен мейрамханалар шараға дайын екендіктерін мәлімдеуде, олардың қызметкерлері арнаулы оқытылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар