Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, Ақтөбедегі жол жүру билетінің бағасы ең соңғы рет 2009 жылы қамбаттатылған болатын. Қазір жолақы бағасын көтеруге жанғыш-майлардың, қосалқы бөлшектердің қымбаттауы себеп болып отыр.
Қазір ақтөбелік азаматтар автобуста жол жүру үшін 35 теңге, шағын автобустар мен маршурттарда жол жүру үшін 45 теңге төлеп отыр.