Жарияланды: 430

Ақтөбеде қылмыстарды азайту үшін ықшамаудандар толық бейнекамералармен жабдықталады

Ақтөбе. 24 қараша. "Қазақстан бүгін" - Ақтөбеде қылмыстардың санын жалпы азайту үшін ықшамаудандар толық бейнекамералармен жабдықталады. Бұл туралы агенттік тілшісіне Ақтөбе облыстық ІІД хабарлады.

Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 140 млн теңге бөлінген. Бұл қаржыға биыл 11 және 12-ші ықшамауданда бейнекамералар орнату көзделуде. Ақтөбеде жалпы қоғамдық орындарда орнатылған 14 бейнекамера бар, полиция олардың санын 100-ге жеткізбек ниетте. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін