Ақтөбеде қылмыстық топтар тағы полициямен атысты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде қылмыстық топтар тағы полициямен атысты

Ақтөбеде қылмыстық топтар тағы полициямен атысты

Ақтөбеде тағы атыс. Бұл жолы қаланың қақ ортасындағы көпқабатты үйлердің біріне тығылған жас жігіт полицияға қарсы оқ атқан. Ол адам өлтірді деген айып бойынша іздестірілген болатын. Тәртіп сақшылары қуып келгенде жігіт пәтерлердің біріне жасырынған. Ешбір ескертуге көнбеген соң, полицейлер оны атып тастады. Ал шұғыл операция кезінде үйдегі жүзден астам адам таң сәріде қауіпсіз жаққа шығарылған.

  • 27 Шiлде 2011
  • 437
Фото - Caravan.kz

Осыдан екі апта бұрын адам өлтірген қылмыскер Ақтөбенің қақ ортасындағы мына үйдегі пәтерлердің біріне тығылған. Оны тәртіп сақшылары ұстамақ болғанда ол қарсы оқ жаудырыпты. Бейресми мәліметтерге қарағанда, күдікті, тіпті, «үйді жарып жіберемін» деп қорқытқан көрінеді. Бұдан соң дереу жүзден астам адам таң сәріде тысқа шығарылып, үй газ бен электр желісінен ажыратылған. Ал тұрғындар әлі де үйлеріне кіруге қорқады.

куәгер:

-Таң ертеңполиция келіп алты жарымда газы шығып жатыр, тез, жылдам шығыңыз үйден деді. Әйтпесе жарылып кетеді деді. Бәріміз орап алдықта баламыз ешкім қалмастан осылай шығып кеттік. Қорқып кеттік әрине. Балалар да шошып кетті. Енді жарылады дегесін қалай, бәрімізде қаштық.

Тұрғындарды үйден газ құбырындағы ақаумен алдаусыратып алып шыққан соң, қылмыскерді ұстауға бағытталған операция басталды.Тәртіп сақшыларына қару кезеніп, қарсылық көрсеткен 24 жастағы Тимур Оразбеков есімді азамат полицейлерге көнбей, оққа ұшты. Ал оның үш сыбайласы көлікпен қашып бара жатқан кезде ұсталған. Оларға адам өлтірді деген айып тағылып отыр. Ішкі істер департаменті өкілдері күдіктілердің Шұбаршидегі оқиғаға қатысы жоқ дейді.   


Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің аға инспекторы:

-Бұл оқиғаШұбаршида болған оқиғамен қатысы жоқ. Бұл криминалдық қақтығыс деп санаймыз. Бірақ себебін тергеу біткенен кейін анықталады.

Ұсталған күдіктілердің бірі тұратын үйді тәртіп сақшылары мен арнайы жасақ сарбаздары бүгін түс ауғанша қоршауға алды.

Қазір тәртіп сақшылары осы оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын жүргізуде. Ал Ақтөбе өңірінің тұрғындары соңғы кезде жиілеп кеткен атыс-шабыстан қорқып қалған. Ертең облыстың жаңа әкімі елді дүрліктірген Шұбарши мен Кеңқияқ ауылдарына арнайы бармақ. Сонымен қатар аймақтағы жағдайды реттеуге барымды саламын деп отыр.

Соңғы жаңалықтар