Ақтөбеде қызын зорлаған әке сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде қызын зорлаған әке сотталды

Ақтөбеде қызын зорлаған әке сотталды

Ақтөбеде тағы бір педофил сотталды. Өгей қызын зорлаған азғын әке енді 16 жылын түрмеде өткізетін болды.

  • 24 Қыркүйек 2015
  • 507
Фото - Caravan.kz

Азаматтық некедегі жарының айуандығын жұбайы жақында біліпті. 12 жастағы қызы оған екі жыл бойы өгей әкеден жәбір көріп келе жатқанын жайып салған. Келіншек сол бойда тәртіп сақшыларына арызданады. Тергеу барысында белгілі болғанындай, педофил әйелі жұмысқа кеткен кезде жеткіншекті жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеп отырған. Алғашқыда «айтқанымды орындасаң ұялы телефоныммен ойнауға рұқсат етемін» деп  алдарқатыпты. Кейін күштеп зорлап отырған. Енді ол осы қылмысы үшін 16 жылға қатаң тәртіптегі түрмеге жіберілді.  

Соңғы жаңалықтар