Азаматтық некедегі жарының айуандығын жұбайы жақында біліпті. 12 жастағы қызы оған екі жыл бойы өгей әкеден жәбір көріп келе жатқанын жайып салған. Келіншек сол бойда тәртіп сақшыларына арызданады. Тергеу барысында белгілі болғанындай, педофил әйелі жұмысқа кеткен кезде жеткіншекті жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеп отырған. Алғашқыда «айтқанымды орындасаң ұялы телефоныммен ойнауға рұқсат етемін» деп алдарқатыпты. Кейін күштеп зорлап отырған. Енді ол осы қылмысы үшін 16 жылға қатаң тәртіптегі түрмеге жіберілді.
Loading...