Ақтөбеде Ресей азаматы ірі көлемде марихуанамен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде Ресей азаматы ірі көлемде марихуанамен ұсталды

Ақтөбеде Ресей азаматы ірі көлемде марихуанамен ұсталды

АҚТӨБЕ. 4-қазан. Kazakhstan Today. Ақтөбе облысында Ресей азаматы ірі көлемде марихуанамен ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 4 Қазан 2006
  • 391
Фото - Caravan.kz

«Ресей азаматын шекарашылар «МАЙТӨБЕ» заставасына таяу жерде Көктөбе ауылында Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасынан арбамен заңсыз өтуге әрекет жасаған сәтте қолға түсірді».

Арбадан «өсімдік текті есірткілік заттары бар» қаптар шақты. Сараптама нәтижесінде қаптарға жалпы салмағы 37,2 килограмм болатын марихуана салынғаны анықталды.

Алдын-ала сұрақ барысында ол Хромтау ауданында тұратын туыстарынан қайтып келе жатқан жолда «марихуананы кездейсоқ тауып алдым», деп мәлімдеген. Қазір тергеушілер бұл жауаптың ақиқаттығын тексеруде.

Тұтқын уақытша тергеу қапасына қамалды. 24 жастағы Ресей азаматының үстінен ҚР қылмыстық кодексінің «есірткілік заттарды заңсыз дайындау, сақтау және тасымалдау жөніндегі» 259-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта