Съезде талқыланатын негізгі мәселе – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жаңа үлгісін енгізу, лицензиялау, арнайы сертификаттау және Денсаулық сақтау министрлігінің дәрі-дәрмек саясаты.
Эрик Байжүнісовтің сөзінше, Қазақстан МӘМС жүйесін енгізуге соңғы 10 жыл бойы дайындалып келеді.
2020 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады. Үкімет медициналық қызметтің екі түрлі пакетін бекітті. Соның бірі-тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемі. Бұған жедел жәрдем, санитарлық авиация, медициналық санитарлық көмек, жедел күндізгі стационарлық көмек және т.б. қызмет түрлері енеді.
«Тегін кепілдендірілген көмек көлемі біздің елімізде ешқашан есептелмеген. Алғашқы мүмкіндік 2000-шы жылдары жасалып көрді. Ол уақытта 45 млрд теңге жетпейтіні анықталды. Енді халыққа қандай медициналық көмек, қанша теңгеге көрсетіліп жатқанын есептеу керек. Қаржыгерлермен жұмыс істеп жатырмыз.Есептеуімізше, жалпы денсаулық сақтау саласына 600 млрд теңге жетпейді екен. Халық 680 млрд теңгені қалтасынан төлеп отыр. МӘМС жүйесі бізге сондықтан қажет»,- дейді Эрик Байжүнісов.
Сақтандырылған азаматтар медициналық тексеруді, қымбат зертханалық қызметті тегін алады.