Сотқа бозбаланы қолдап келгендер қарасы көп. Туыстарынан бөлек оқытушылары мен достары да жиналыпты. Олар Азаматттың мұндай қылымысқа барғанына әлі күнге дейін сенбейді. Дегенмен, айыпталушы кінәсін толық мойындаған. Оның айтуынша, арбаға таңылған әпкесі жарты жыл бұрын босанған екен. Бірақ сәби шетінеп кетіпті. Ал жақында белгісіз біреу хабарласып, оның өлдіге санаған баласын перзентханада ауыстырып жібергенін айтқан. Тіпті мекен-жайды да көрсетіпті. Мұны естіген ол істің байыбына бармай, тұра жүгірген. Сол мекен-жайы көрсетілген үйдегі сәбиді әкетпек болған. Енді осы ісі үшін өкінетінін айтып отыр. Студенттен соққы алған зейнеткер оны кешіргенімен, сәбидің анасы айыпталушының жазаланғанын қалайды. Әйтсе де, судья бітімге келер деген үмітпен бұларға бір апта уақыт берді.