ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, аударылу салдарынан АИ-80 маркалы бензинінің 6 тоннасы төгілді. Тасымалданып отырған отынның жалпы салмағы — 24 тонна. Қалған 6 тонна басқа бензин тасымалдаушысына құйылды. Мұнай өнімінің төгілген аумағы 100 шаршы метр аумақты құрайды. Оқиға орнына ҚР ТЖМ Ақтөбе облыстық ТЖД-нің 8 адамы мен 2 техникасы шықты. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.