Ақтөбеде содырлар басып кіргенде дәретханаға тығылған майор сотта соңғы сөзін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде содырлар басып кіргенде дәретханаға тығылған майор сотта соңғы сөзін айтты

Ақтөбеде содырлар басып кіргенде дәретханаға тығылған майор сотта соңғы сөзін айтты

Ақтөбеде содырлар сойқан салған әскери бөлімнің қос майоры сотта соңғы сөздерін айтты. Лаңкестер шабуыл жасаған күні кезекшілікке жауапты болған Қайнарбек Тастанбеков пен Қайырғали Оразжановқа радикалдарға қарсылық көрсетпеді деген айып тағылып отыр. Мұнымен тек әскерилердің біреуі ғана келісті.

  • 18 Қаңтар 2017
  • 1017
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы КТК арнасы хабарлады. 

Кінәсін мойындаған Қайырғали Оразжановқа кесілер жаза да жеңілдетілетін сияқты. Өйткені мемлекеттік айыптаушы оған 2 жылға шартты түрде үкім шығаруды сұрапты. Ал оның әріптесі Қайнарбек Тастанбеков тергеу біржақты жүргізілді деген пікірде. Оның содырлармен атысқанын дәлелдейтін айғақтар ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Ең қызығы, әскери бөлім ішіндегі бақылау камерасындағы таспаны өшіріп, атылған оқты таба алмапты. Тастанбековтың өзі содырлар сойқан салған кезде әрекет етпеген басшыларын кінәлайды. Әйтсе де, прокурор оған 3 жыл жаза сұрап отыр.

-Енді мені кінәлі қылып отыр. Мен автопаркке барып, қуып жетіп арттарынан, атыстым. Екі патроным қалды. Енді айыптау актісінде маған атқан жоқсың дейді. Мен қорқатын болсам тығылып қалатын едім ғой, деді Қайнарбек Тастанбеков.