Ақтөбеде "Таблиги джамаат" діни қозғалысын жақтаушы бес адам заңсыз дін таратқаны үшін ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде "Таблиги джамаат" діни қозғалысын жақтаушы бес адам заңсыз дін таратқаны үшін ұсталды

Ақтөбеде "Таблиги джамаат" діни қозғалысын жақтаушы бес адам заңсыз дін таратқаны үшін ұсталды

АҚТӨБЕ. 20-ақпан. Kazakhstan Today. Ақтөбеде "Таблиги джамаат" діни қозғалысын жақтаушы бес адам заңсыз дін таратқаны үшін ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Ақтөбе облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 20 Ақпан 2007
  • 480
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «дін таратушылар облыстық мұсылман мешітінде уағыз жүргізуге талпынған». «Алайда олар дін таратушылықпен шұғылдануға құқық беретін дәлел құжаттары мен өздерінің арнайы діни білімі бар екенін растайтын құжаттарын көрсете алмады», деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Белгілі болғанындай, бұл топ Ақтөбе облысына Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан келген.

Қазір ұсталғандардың үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодексінің дін таратушылықпен тіркеусіз әрі заңсыз айналысу жөніндегі 375-ші бабы, 3-тармағына сәйкес әкімшілік іс қозғалды. Іс материалдары облыстық прокуратураға тапсырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті