Ақтөбеде "Таблиги джамаат" экстремистік тобының жақтастары ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде "Таблиги джамаат" экстремистік тобының жақтастары ұсталды

Ақтөбеде "Таблиги джамаат" экстремистік тобының жақтастары ұсталды

АҚТӨБЕ. 28 шілде. Kazakhstan Today. Ақтөбе облысы ІІД экстремизм, сепаратизм және тероризммен күрес жөніндегі басқарма қызметкерлері "Таблиги джамаат" экстремистік ұйымына қатысы бар деген күдікпен жеті адамды ұстады. Бұл жөнінде агенттік тілшісіне Ақтөбе облысы ІІД хабарлаған.

  • 28 Шiлде 2006
  • 883
Фото - Caravan.kz



Ақпарат бойынша, күдіктілер облыстық орталық мешітінде қолға түскен.

Басқарма бастығы Нұртай Нұғаевтың айтуынша, ұсталғандар 22 жастан 33 жас аралығындағылар. Бәрі Қазақстан азаматтары. Ақтөбеге Қарағанды облысынан келген.

Алдын ала сұрау барысында азаматтар, Батыс Қазақстанға 40 күн бойы уағыз жүргізу мақсатымен келгендерін мойындады, деп хабарлайды полиция қызметкерлері. Олар Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарына уағыз жүргізуді жоспарлаған.

Перейти к новостям спорта