Ақтөбеде жүргізілген лаңкестікке қарсы операция кезінде өткен жексенбі күні қару-жарақ дүкеніне жәнеде әскери бөлімшеге қылмыстық шабуыл жасаған тағы да 5 қылмыскердің көзі жойылды деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Түнгі жедел-барлау барысында полиция қызметкерлері 5 қылмыскердің көзін жойып, 2 қылмыскерді тұтқындады» — делінген хабарламада. Қылмыскерлерден ұрланған қарудың біршама бөлігі алынды. Қылмыстық шабуылға қатысы бар бүкіл қылмыскердің кім екендігі анықталды. Оларды іздестіру, тұтқындау жұмыстары жалғасуда екені хабарланған.
ІІД мәліметі бойынша, қылмыскерлер бір дүкеннен 17 қару ұрлаған (3 иір ойықты және 14 тегіс ұңғылы аңшы мылтығы), 3 газды тапанша, оқ-дәрі және пышақтар. Қолды болған қару-жарақтың нақты тізімі анықталуда, дүкенде мүлікті түгендеп жатыр.
Іздестіру шарасы кезінде полиция қызметкерлері қылмыстық шабуылға қатысы бар деген күдікпен 5 адамды тұтқындап, полиция бөлімшесіне алып кетті. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында лаңкестерге қатысты арнайы шара жүргізілуде. Бұл шараға мемлекетіміздің ішкі істер қызметінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды.
ІІД хабарлауынша, Ақтөбедегі жағдай қалыпты, қоғамдық көлік пен ұйымдар күнделікті тәртіп бойынша жұмыс істеп жатыр.
Еске сала кетейік, кеше Ақтөбенің бірнеше ауданында атыс болған еді. ҚР ІІМ өкілдері белгісіздердің "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағаны жайлы хабар келіп түскенін хабарлады. Сонымен қатар тағы бір қару-жарақ дүкеніне және Ұлттық гвардияның әскери бөліміне шабуыл жасалғаны белгілі болды. Арнайы операция кезінде "Паллада" дүкенінің сатушысы қаза тапты және бір адам жарақат алған. Ал әскери бөлімде шабуылға тойтарыс беру кезінде бір офицер мен келісімшарт бойынша әскери қызметші қайтыс болды. Тоғыз әскери жарақат алды.