Ақтөбеде Тәжікстан мен Өзбекстаннан келген 100-ден астам заңсыз мигрант ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде Тәжікстан мен Өзбекстаннан келген 100-ден астам заңсыз мигрант ұсталды

Ақтөбеде Тәжікстан мен Өзбекстаннан келген 100-ден астам заңсыз мигрант ұсталды

АҚТӨБЕ. 21-мамыр. Kazakhstan Today. Ақтөбеде Тәжікстан мен Өзбекстаннан келген 100-ден астам заңсыз мигрант ұсталды, олардың арасында 76 ер адам, 13 әйел мен кәмелеттік жасқа жетпеген 12 бала бар. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Ақтөбе облыстық ІІД көші-қон полициясынан хабарлады.

  • 21 Мамыр 2007
  • 421
Фото - Caravan.kz

Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, бір топ шетелдік өткен сенбіде Ақтөбеден шыға берісте құрықталды. «Олар Ақтөбенің «Экспресс» атты фирмасына қарасты екі автобуспен көршілес Ресейге бет алған»,- дейді ІІД.

Тәжікстан мен Өзбекстан азаматтары Қырғызстаннан шығып, Түркістан қаласы арқылы Ақтөбе-Алматы аралығында қатынайтын жолаушылар поезымен Ақтөбеге жеткені анықталды. «Олар соңғы бекетке дейін тіпті билетсіз жеткен»,- дейді тәртіп сақшылары. Шетелдіктер Ресейге уақытша нәпақа іздеп шыққанын мойындаған.

Қазір бұл дерекке қатысты материалдар сотқа жіберілді. Заңсыз мигранттарды республика аумағынан қудалау мәселесі шешіліп жатыр. Көші-қон полициясының түсініктемесіне сәйкес, «ұсталған 12 адамда көші-қон карточкасы жоқ болса, қалғандарының төлқұжаттарында Қазақстан шекарасынан заңды өткендігін көрсететін тіркеу таңбасы болмай шыққан».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті