Caravan Logo

Ақтөбеде темір жол апаты болды

Ақтөбеде темір жол апаты болды

Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметінен хабарлағандай, оқиға салдарынан 47 жастағы ақтөбелік - пойыз жолаушысы ауруханаға түскен, 23 және 13 жастағы екі жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

Жолаушылар пойызы 1 сағаттан кейін сапарын жалғастырды. Бірақ түнде сағат 03.30 шамасында, аталмыш жолаушылар пойызы Шалқар стансасына таянған кезде, тағы 12 жолаушы орталық аудандық ауруханаға жеткізілген.

Кінәлілерді анықтау мақсатында қазір бұл оқиға бойынша тексеру жүргізілуде.