Ақтөбеде тергеу абақтысындағы бүлікке қатысты сот басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде тергеу абақтысындағы бүлікке қатысты сот басталды

Ақтөбеде тергеу абақтысындағы бүлікке қатысты сот басталды

Ақтөбеде тергеу абақтысындағы бүлікке қатысты сот басталды. Үкімін күтіп жатқан 3 жігіт мекемедегі тәртіпке бағынбай, жаппай бей-берекетсіздік ұйымдастырды деп айыпталуда. Бірақ ешқайсысы кінәларын мойындаған жоқ. Қайта абақтыдағы нашар жағдайды ашық айтақынымыз үшін жазықтымыз деп отыр.

  • 2 Қараша 2012
  • 418
Фото - Caravan.kz

Осыдан тура төрт ай бұрын тергеу абақтысының алдына қамауда отырғандардың жақындары жиналып, шу көтерген болатын. Өйткені, сот үкімін күтіп жатқандар қарындарын тіліп, төсек-жаймаларын қанға бояп, түрмедегі жағдай адам төзгісіз екендігін айтып көмек сұраған. Кейін қылмыстық атқару жүейсенідегілер абақтыдағылардың бүлік шығаруы негізсіз, -деді. Ал бейберекетсіздік ұйымдастырды деп қазір үш жігіт айыпталып отыр.

Жеңіс Сариев, Ақтөбе қаласы прокурорының көмекшісі:

—  Қанапин, Петухов, Дербісалин әкімшіліктің талабына бағынбай, өздерінің денелеріне жарақат салған. Бүлікті ұйымдастыра отыра, абақтыға материалдық шығын келтірді. КА 168/1 мекемесіндегі мүліктерді қиратқан. 

Тергеу абақтысындағы бүлік кезінде 20-ға тарта адам тәртіп сақшыларынан таяқ жедік деп арызданған-ды. Сот сараптамасы 19 адамның соққы алғандығын растаған. Бірақ кейін белгісіз себептермен сотқа тартылған үшеуден өзгелері арыздарын кері қайтарыпты. Адвокаттардың айтуынша, айыпталып отырған үшеудің бар кінәсі түрме басшыларының үстінен шағым түсіруінде.


Галина Петухова, қорғаушы:

— Қылмыстық істі қарап-ақ бүлікті кім ұйымдастырғандығын анықтауға болады. Арыз жазғандар қорқып, кейін айтқандарынан айнып қалған. Ал бұл үшеуі шағымдарын кері алудан бас тартты. Сол үшін айыпты мойындарына іліп отыр.

Алғашқы сот процесінде судья адвокаттар мен айыпталушылардың барлық ұсынысын қағанаттандырды. Тек бір күдіктінің мәселесі жауапсыз қалды. Ол абақты басшысы мен қызметкерлері тарапынан қысым көріп, өзін қорғауға алуды сұраған еді.

Абақтыдағы бейбетекетсіздікке қатысты сот процессі ұзаққа созылатын түрі бар. Өйткені келесі отырыста 60-тан астам куәгердің жауаптары тыңдалатын болады. 

Соңғы жаңалықтар