Ақтөбеде ҰБТ-дан 124 балл алған екі түлекке автокөлік тарту етілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде ҰБТ-дан 124 балл алған екі түлекке автокөлік тарту етілді

Ақтөбеде ҰБТ-дан 124 балл алған екі түлекке автокөлік тарту етілді

Ақтөбеде ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) нәтижесі бойынша 124 балл алған екі түлекке «ВАЗ-2107» автокөліктері тарту етілді, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

  • 21 Маусым 2011
  • 945
Фото - Caravan.kz

«Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықов ҰБТ-дан 124 балл алған қаладағы №20 лицейдің түлегі Сергей Бланкқа және Хромтау қаласының №2 гимназиясын бітірген оқушы Жанна Байтөринаға «Ваз-2107» автокөліктерін тарту етті», — деп хабарлайды әкімдік.

«Алтын белгі» алған қалған 134 түлекке облыс әкімінен ноутбуктер сыйланды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Темір ауданындағы Шұбарқұдық гимназиясының директоры Дидар Алмағамбетоваға да көлік тарту етілді, бұл мектептің оқушылары облыс бойынша ең жақсы нәтиже көрсеткен. Гимназия бойынша жалпы орташа балл 109 құрады.

«Биыл біздің 26 түлектің 25-і ҰБТ тапсырды. Біреуі халықаралық олимпиаданың жүлдегері ретінде тестілеуден босатылды. Екі оқушы қыз 121 балл алды. Гимназиядағы ең төмен көрсеткіш – 93 балл. «Алтын белгiге»жеті үміткер білімдерін қуаттады», — дедіД.Алмағамбетова.

Соңғы жаңалықтар