Ақтөбеде ұлттық жастар дельфий ойындарының облыстық іріктеу туры өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 489.3
  • 578.94
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде ұлттық жастар дельфий ойындарының облыстық іріктеу туры өтті

Ақтөбеде ұлттық жастар дельфий ойындарының облыстық іріктеу туры өтті

Ақтөбеде 4-5 мамыр аралығында Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай ұлттық жастар дельфий ойындарының ҮІІ облыстық іріктеу туры болып өтті.

  • 5 Мамыр 2011
  • 533
Фото - Caravan.kz

Іс-шараны ішкі саясат, білім және мәдениет басқармалары 11 аталым бойынша ұйымдастырып, олардың барлығы қаланың оқу орындары мен мәдениет орталықтарында өткізілді.

Дельфий ойындарының облыстық іріктеу турына 10 мен 21 жас аралығындағы балалар мен жастар қатысты (академиялық ән айту 16 жастан 25 жасқа дейін). Жеңімпаздарға дипломдар мен грамоталар тапсырылды. Олар сонымен қатар Атырау қаласында 14-18 маусымда өткізілетін республикалық дельфий ойындарына қатысуға жолдама алды.